«Слесарлық іс» мамандығы металдарды суық күйінде өңдеумен, қарапайым көмекші құралдар мен жабдықтардың, қол слесарлық құрал-сайманның көмегімен жабдықтың, машиналардың, механизмдер мен құрылғылардың барлық түрлерін құрастыру, монтаждау, демонтаждау және жөндеумен байланысты кәсіптің түрі.
Слесарлық жұмыстарға мыналар жатады: белгілеу, шабу және кесу, арамен кесу, бұранданы кесу, ию және түзету, тегістеу, бұрғылау, өрістету, орналастыру, шегелеу, пісіру және т.б. Слесарлық жұмыстар негізінен өнеркәсіптік кәсіпорындарда машиналарды құрастыру кезінде, сондай-ақ жөндеу кәсіпорындарында машиналар мен олардың тораптарын жөндеу, құрастыру және реттеу процесінде жүргізіледі.
«Слесарлық ісі» мамандығы бірнеше бағыт бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары;
- Механикалық жинау жұмыстарының слесары;
- Аспапшы-слесарь;
- Жөндеуші-слесарь.
Әр бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға болады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек